Accessibility links

Олланд жаңа үкімет құрамын ұсынды


Франция президенті Франсуа Олланд.
Франция президенті Франсуа Олланд.

Франция президенті Франсуа Олланд Мануэль Вальстің басшылығындағы жаңа үкімет құрамын ұсынды.

Бес ай бұрын құрылған бұған дейінгі үкімет 25 тамыз күні өкілетін доғарған болатын. Экономика министрі Арно Монтебур билікті қатаң экономика саясатынан бас тартуға шақырған. Кейінірек тағы екі министр Монтебур сияқты жаңа үкімет құрамына енуден бас тартқан.

Бұрынғы үкіметтегі негізгі министрлер, соның ішінде сыртқы істер министрі Лоран Фабиус, қорғаныс министрі Жан-Ив Ле Дриан мен қаржы министрі Мишель Сапен қызметтерінде қалды. Олландтың айтуынша, жаңа үкімет "премьер-министрдің өкіміне бағынуы тиіс".

Франсуа Олландтың жұрт арасындағы беделі соңғы кезде ең төменгі деңгейге түсіп кетті. Қоғамдық сауалнама нәтижесі бойынша, ол соңғы жарты ғасырда халық тарапынан ең аз қолдауға ие болған президент атанып отыр.

XS
SM
MD
LG