Accessibility links

Абдулла бюллетень тексеруге бойкот жариялады


Ауғанстан президенттігіне кандидат Абдулла Абдулла.
Ауғанстан президенттігіне кандидат Абдулла Абдулла.

Ауғанстан президенттігіне кандидат Абдулла Абдулла 14 шілдеде өткен сайлаудың екінші кезеңінде берілген бюллетендерді санауды тексеруге бойкот жариялады.

Абдулланың сайлау кампаниясының өкілі Фазель Ахмад Манави тексерісті "келемеж" деп атады. Ол сайлау комиссиясының мүшелері "тексеруге қатысып жатқан сарапшылар күмәнді деп тапқан бюллетендерді жоюға асықпайды" дейді.

Абдулланың сайлау кампаниясының тағы бір өкілі Мухаммадулла Хайдари Азаттықтың Ауған қызметіне берген сұхбатында Абдулланың командасы тексеру процесіне талаптары орындалған жағдайда ғана қатысатынын және өздерінің қатысуынсыз сарапшылар жүргізіп жатқан тексерістің бір де бір қорытындысымен келіспейтінін айтты.

Абдулла Абдулла сайлаудың екінші кезеңіндегі дауыс беру қорытындысы қарсыласы Ашраф Ганидің пайдасына бұрмаланды деп санайды.

26 тамызда Ауғанстан президентінің баспасөз қызметі Абдулла Абдулланың қызметінен кететін президент Хамид Карзаймен сөйлескенін хабарлаған.

XS
SM
MD
LG