АҚШ пен Еуропа Одағы Ресеймен жаңа мұнай кен орындарын игеру саласында жаңа санкциялар салуға даяр деп хабарлады 10 қыркүйекте аты-жөнін атамаған америкалық үш ресми тұлғаға сілтеме жасаған Bloomberg агенттігі.
Агенттік дерегі бойынша, Ресейге Арктикада тереңнен бұрғылайтын және мұнай алынатын қатпарлы тақтатас игеру технологияларын жеткізу мен ынтымақтасуға тыйым салынады. Алдын-ала ақпараттар бойынша, тыйым қазір мұнай беріп тұрған кеніштерге емес, алдағы 5-10 жылда игеріледі деп жоспарланған кеніштерге ғана қатысты болмақ.
Мәскеуге қарсы жаңа санкциялар Ресеймен жұмыс істесетін батыстың Exxon Mobil, British Petroleum сияқты ірі компанияларына әсер етуі мүмкін. Bloomberg-тің жазуынша, мұндай тыйым Ресейдің мұнай-газ саласына үлкен нұқсан тигізуі ықтимал. Себебі, Ресейде мұнай алынатын қатпарлы тақтатас кеніштерін және қайраңдағы кеніштерді игеретін технология жоқ.
Бірақ агенттік тыйым салу туралы әзірге нақты шешім қабылданбағанын айтады.