Украинадағы қақтығыстарды тоқтату мақсатында құрылған Минск байланыс тобы жаңа келісімдерге қол жеткізді.
Минск тобына Ресей, Украина, ресейшіл сепаратистер және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) өкілдері кіреді.
Топ бұл жолғы келіссөздерін 20 қыркүйекке ауған түні аяқтап, Украинаның шығыс аймақтарында болып жатқан қақтығыстарды тоқтату жөнінде жаңа келісімдер жасасқанын хабарлады.
Ол келісімдер бойынша, қақтығыс аймағынан екі тарап та ауыр техника және артиллерия қаруларын алып кетеді, әскери ұшақтар мен пилотсыз аппараттар әуеге көтерілмейді, екі жақ әскери тұтқындар алмасады. Келісімдердің орындалуын бақылау үшін екі тараптың шептерінде ЕҚЫҰ бақылаушылары жұмыс істейді.
Минскідегі келіссөздерге Украина жағынан қатысып жатқан осы елдің бұрынғы президенті Леонид Кучма "Украина аумағынан барлық шетелдік әскери жасақтарды шығару турады да келіскендерін" хабарлаған.