Accessibility links

Ұлыбритания Эболаға қарсы қауіпсіздікті күшейтті


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ұлыбритания қауіпті Эбола вирусы таралған Батыс Африка елдерінен келген азаматтарға бақылауды күшейтті. Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмеронның айтуынша, қауіпсіздік шаралары Лондонның Хитроу мен Гатвик әуежайларында, Eurostar пойыздарына қызмет көрсететін теміржол станцияларында күшейеді.

Бұдан бір күн бұрын АҚШ елдегі бес әуежайда Батыс Африкадан келгендерді тексеруді күшейткен.

Македонияда Эбола вирусын жұқтырған болуы мүмкін деген Ұлыбритания азаматы қайтыс болған. Македония үкіметінің аты-жөнін атамаған өкілі Reuters агенттігіне тағы бір британ азаматынан вирус белгілері табылғанын айтқан. Екі азаматтың қанына жасалған тексеру қорытындысы жақын күндері шығады.

Батыс Африкада Эбола вирусынан көз жұмғандар саны төрт мыңға таяды. Либерия, Сьерра-Леоне және Гвинея президенттері әлемдік қауымдастықтан қауіпті індетпен күреске қосымша көмек көрсетуді сұрады.

XS
SM
MD
LG