Accessibility links

Егемендік туралы декларацияға 24 жыл толды


Алматыдағы Қазақстанның бұрынғы парламент үйі.
Алматыдағы Қазақстанның бұрынғы парламент үйі.

Бүгін Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылдағанына 24 жыл толды. 1990 жылы қазанның 25-і күні Қазақ ССР Жоғарғы кеңесінің сессиясында мемлекеттің егемендігін айқындайтын тарихи құжат – «Қазақ ССР-інің мемлекеттік егемендігі туралы декларация» қабылданған еді.

Сол кезде СССР құрамындағы Қазақстан егемендік туралы декларация арқылы өзінің барлық атрибуттары, құқықтары мен міндеттері бар егемен ел екенін жариялаған. Осы құжат негізінде кейін, Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған соң, жаңа Конституция қабылданды.

Қазақстан егемендік туралы декларация жариялаған 1990 жылы Балтық бойындағы үш ел – Литва, Латвия және Эстония СССР құрамынан шығатындарын мәлімдеген. Келесі жылдың ортасына қарай Мәскеу Грузия, Молдова мен Арменияның тәуелсіздіктерін мойындаған болатын. Ал Қазақстан тәуелсіздік туралы декларациясын СССР құрамында болғандардың ең соңында – 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдаған еді.

Қазақстанда 2008 жылға дейін 25 қазан – Республика күні деген атаумен жыл сайын салтанатпен атап өтілетін. Бірақ 2009 жылы сәуірде президент жарлығымен Қазақстанның «Мерекелер туралы» заңына түзетулер енгізіліп, Республика күні мерекесі алынып тасталған соң елде бұл мейрам атап өтілмейтін болды.

XS
SM
MD
LG