Accessibility links

Синай түбегінде ішінара төтенше жағдай енгізілді


Сина түбегінде бақылау бекетінде тұрған Египет сарбаздары. 8 шілде 2013 жыл.
Сина түбегінде бақылау бекетінде тұрған Египет сарбаздары. 8 шілде 2013 жыл.

Египетте Синай түбегінде бірқатар аудандарда үш ай мерзімге төтенше жағдай тәртібі енгізілді. Жұма күні қауіпсіздік қызметкерлеріне қарсы жасалған шабуылдардан соң билік осындай шешім қабылдады.

Соңғы мәліметтер бойынша, 24 қазандағы екі шабуылдан кемінде 33 адам қаза тапқан. Сарапшылар бұл былтыр шілде айында Египетте исламшыл президент Мұхаммед Мурси биліктен кетірілгелі бері елде үкімет күштеріне шабуылдарда қаза тапқандар саны ең көп болған оқиға екенін айтады.

Жұма күні Синай түбегіндегі әл-Ариш қаласынан солтүстік-батысқа қарай, әл-Харуба ауданында жасалған бірінші шабуыл салдарынан 30 адам мерт болған. Арада бірнеше сағат өткенде белгісіз топ әл-Ариш қаласындағы блок-постылардың біріне шабуыл жасап, қауіпсіздік қызметінің үш адамын өлтірген. Әзірше бұл шабуылдар үшін жауапкершілікті ешкім мойнына алған жоқ.

Бұған дейін осы тәріздес шабуылдарға Египттегі «Ансар Бейт әл-Макди» радикалдық исламшылар тобының мүшелерін айыптаған еді.

XS
SM
MD
LG