Accessibility links

ИМ содырлары кепілдегі 25 баланы босатты


Кобаниде соғысып жатқан радикалды "Ислам мемлекеті" ұйымының содырлары. Қазан, 2014 жыл. (Көрнекі сурет).
Кобаниде соғысып жатқан радикалды "Ислам мемлекеті" ұйымының содырлары. Қазан, 2014 жыл. (Көрнекі сурет).

Құқық қорғаушылардың дерегі бойынша, радикалды "Ислам мемлекеті" ұйымының содырлары мамыр айында ұрлаған 150 күрд оқушысының соңғы 25-ін босатқан.

Сириядағы соғысқа мониторинг жасап отыратын Syrian Observatory for Human Rights ұйымының мәлімдеуінше, кепілге алынған оқушылар Минбиж қаласында босатылған. Содырлар 13-14 жастағы балаларды Кобани қаласында, Алепподан емтиханнан қайтып келе жатқанда ұрлап әкеткен.

Әуелде жеті оқушы кепілден қашып ктекен. Қалғандары топ-тобымен және біртіндеп босатыла бастаған. Кобанидің өзінде содырлар қаланы басып алу үшін күрд жасақтарымен ұрыс жүргізіп жатыр.

XS
SM
MD
LG