Бакуде әзербайжандық оппозициялық блогер Мехман Гусейнов ұсталған. Бұл туралы «Кавказский узел» сайты хабарлады. Гусейнов таныстарына өзін полиция бөліміне әкетіп бара жатқанын айтып үлгерген соң телефон байланысы үзілген.
Әзербайжандық тілшілер бостандығы мен қауіпсіздігі институтының қызметкері Мехман Гусейновке қарсы 2012 жылы жазда қылмыстық іс қозғалған соң оған елден шығуға тыйым салынған еді. Журналистке «наразылық акциясында полиция қызметкеріне қол көтеріп, ар-намысына тиген» деген айып тағылған. Блогердің ағасы әрі тілшілер бостандығы мен қауіпсіздігі институтының директоры Эмин Гусейнов інісінің саяси себептермен қуғын көріп жатқанын мәлімдеген.
Бұған дейін Мехман Гусейнов өзіне қарсы қозғалған істің мерзімі біткеніне байланысты оған шетелге шығуға салынған тыйымды алып тастауды сұрап прокуратураға өтініш берген. Бірақ тергеушілер оның өтінішін елеусіз қалдырған. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Тбилисидегі жиынына шақыру алған журналист сонда баруға Баку әуежайына келгенде ұсталған.