Польша астанасы Варшавада 13 желтоқсан күні мыңдаған адам "Құқық және әділет" партиясы ұйымдастырған шеруге шықты.
Шеру "Демократия мен сөз бостандығын қорғау" деген ұранмен өткен. Шерушілер жергілікті билік органдары сайлауын қайта өткізуді талап еткен.
"Құқық және әділет" партиясының жетекшісі Ярослав Качиньский "Адамдар сайлаудың бұрмаланғанын ашық айтудан қорқады" дейді.
Оның пікірінше, "Сайлау қорытындысын кешіктіріп жариялау, орталық сайлау комиссиясының компьютерлік жүйесінің істен шығып қалуы, жарамсыз болып танылған бюллетеньдердің көп болуы - бұрмалау болғанының айғағы". Бір қызығы сайлауда аз ғана басымдықпен осы партия жеңген еді.
Ал билік оппозициялық партияны мемлекеттегі жағдайды тұрақсыздандыруға ұмтылды, ол үшін Польшадағы желтоқсан оқиғасының датасын (13 желтоқсан) пайдаланды деп айыптайды. 1981 жылы 13 желтоқсан күні халық толқуы болып, бұл елде әскери режим жарияланған еді.