Алматы метросы Қазақстан тәуелсіздігі күні, желтоқсанның 16-сында жолаушыларды тегін тасиды.
"Метрополитен" коммуналдық кәсіпорнының хабарлауынша, жолаушылар күні бойы жол жүру жетондарын тегін ала алады. Алматы метросында бір реттік жол жүру құны 80 теңге тұрады.
Алматы метросының алғашқы жеті станциясы 2011 жылғы желтоқсанның 1-інде іске қосылған. Метро құрылысы 1988 жылы қыркүйекте басталып, бірнеше рет тоқтап, қайта жанданған.
Алматы билігі бұған дейін таяу айларда тағы екі станция қосылатынын мәлімдеген.