Accessibility links

Өзбекстан: Сайлауға дауыс берушілердің 88 пайызы қатысты


Парламент сайлауына дауыс беріп жатқан азаматтар. Өзбекстан, 21 желтоқсан 2014 жыл.
Парламент сайлауына дауыс беріп жатқан азаматтар. Өзбекстан, 21 желтоқсан 2014 жыл.

Өзбекстанда жексенбіде өткен парламенттің төменгі палатасына сайлауға дауыс беру құқығы бар азаматтардың 88 пайыздан астамы дауыс берді деп хабарлады орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мирзо-Улуғбек Абдусаломов.

Абдусаломовтың айтуынша, дауыс берудің алдын-ала нәтижелері 22 желтоқсан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 15:00-де жариялана бастайды. Орталық сайлау комиссиясы басшысы дауыс беруде заң бұзылғаны туралы "бір де бір мәлімет түспегенін" айтады.

Өзбекстан парламентінің төменгі палатасындағы 135 орынға 500-ден астам кандидат түскен. Олар сайлауға төрт партия - Либерал-демократиялық партия, Халықтық-демократиялық партия, «Ұлттық өркендеу» және «Әділет» партияларының атынан қатысып жатыр.

Сайлауды 300-ден астам шет мемлекеттер және халықаралық ұйымдар өкілдері бақылап отыр.

Өзбекстан парламентінің мұнын алдындағы сайлауы 2009 жылы өткен еді. Ол жолы ең көп орынды Либерал-демократиялық партия өкілдері иеленген.

XS
SM
MD
LG