Мәскеудің Замоскворецкий соты бүгін "Ив Роше" компаниясындағы "қаржылық алаяқтық ісіне" қатысты айыпталған оппозиционер Алексей Навальный мен оның інісі Олег Навальныйге үкім шығарды. Алексей Навальный үш жарым жыл мерзімге шартты түрде сотталып, ал Олег Навальный үш жарым жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Үкім оқылған сотқа Навальныйдың жүздеген жақтасы жиналған. Таңертеңнен бері сот ғимараты жанында қауіпсіздік шаралары күшейтілген.
Әуелде сот үкімі қаңтардың 15-і оқылады деп белгіленген еді. Бірақ үкім мерзімінің өзгергені кеше ғана белгілі болды.
Айыптау қорытындысы бойынша, ағайынды Навальныйлер "Иве Роше" компаниясынан 30 миллион рубль жымқыру ісіне қатысты болған. Айыптаушы прокурорлар Алексей Навальныйды 10 жыл бас бостандығынан айыруды, ал Олег Навальныйды 8 жыл бас бостандығынан айыруды сұраған.