Өткен жылы Қазақстандағы инфляция 7,4 пайызды құрады. Бұл туралы ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Өткен жылы азық-түлік тауарлары бағасы 8 пайызға, азық-түлік емес тауарлар бағасы - 7,8 пайызға, ақылы қызметтердің бағасы 6,4 пайызға өскен.
2014 жылдың желтоқсанының өзінде баға қатты отынға, жуғыш және тазалағыш құралдарға, фармацевтикалық өнімдерге, жеке пайдалануға арналған тауарларға 1,2 пайызға, газеттер және мерзімдік басылымдарға - 1,1 пайызға, киім және аяқ киімдерге - 1 пайызға, тұрмыстық аспаптарға - 0,5 пайызға жоғарылаған.
Шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтерінің бағалары 1,5 пайызға, мейрамханалар мен қонақ үйлерге - 0,9 пайызға демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы қызметтерге 0,5 пайызға өсті.
Ал біресе өсіп, біресе төмендеген АИ-92 маркалы бензин бағасы 10,2 пайызға, дизель отыны 4,7 пайызға төмендеді.