Accessibility links

Мүбәракты биліктен кетірген көтеріліске төрт жыл толды


Каир көшесіндегі полиция қызметкерлері. Египет, 23 қаңтар 2014 жыл.
Каир көшесіндегі полиция қызметкерлері. Египет, 23 қаңтар 2014 жыл.

Египетте мемлекетті ұзақ жылдар басқарған Хосни Мүбәракты биліктен кетуге мәжбүр еткен 2011 жылғы халықтық көтеріліске төрт жыл толуына байланысты ел астанасы Каир мен басқа да қалаларда қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Көтерілістің басты орталығы болған Каирдегі Тахрир алаңын қазір әскери машиналар күзетіп тұр. Бұған дейін исламшылар бұл атаулы датаны көшеде шеруге шығып атап өтетіндерін мәлімдеген еді.

Александрия қаласында полиция мен қызметіне тыйым салынған «Мұсылман бауырлар» қозғалысын қолдаушылар арасында болған қақтығыстарда бір шеруші қаза болған деп хабарлады Associated Press агенттігі.

Египет қауіпсіздік қызметінің деректері бойынша, Каирде жол шетіне орнатылған бомба жарылып, полицияның екі өкілі жараланған.

Сенбі күні Каирде 2011 жылы қаңтардағы жаппай наразылықтарда қаза тапқан 900-ге жуық шерушіні еске алуға арналған шарада Шаима ас-Саббах есімді белсенді әйел мерт болған. Әріптестері оның қазасына полицияны кінәлайды. Билік бұл қайғылы оқиғаға байланысты тергеу жүргізілетіндігін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG