Accessibility links

Светлана Давыдова қолхатпен босатылды


Светлана Давыдова (сол жақта) абақтыдан босатылған соң адвокаты Сергей Бадамшинмен сөйлесіп тұр. Мәскеу, 3 ақпан 2015 жыл.
Светлана Давыдова (сол жақта) абақтыдан босатылған соң адвокаты Сергей Бадамшинмен сөйлесіп тұр. Мәскеу, 3 ақпан 2015 жыл.

Ресейде "мемлекетке сатқындық жасады" деген айыппен тұтқындалған 36 жастағы әйел, жеті баланың анасы Светлана Давыдова ешқайда кетпеу туралы қолхатпен Мәскеудегі абақтыдан босатылды.

Адвокаты Сергей Бадамшиннің айтуынша, Светлана Давыдова Мәскеуден 240 километр қашықтықтағы Вязьма қаласындағы үйінде болуы тиіс. Оның соты қашан басталатыны әзірше белгісіз.

Қаңтардың 21-інде тұтқындалған Светлана Давыдова - Смоленск облысындағы Вязьма қаласының тұрғыны. Ол "Украина елшілігіне телефон соғып, Украинаға әскер жөнелтілгенін хабарлады" деген күдікке ілінген. Сот әуелде Давыдованы 19 наурызға дейін қамауға алған.

Светлана Давыдова айыпты деп танылса, 20 жылға дейін сотталуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG