АҚШ-та студент алмасу бағдарламасы бойынша оқып жүрген қазақстандық 16 жастағы Тим Бекшентаев Висконсин штатында жол апатынан көз жұмды деп хабарлайды Associated Press агенттігі.
Жол апатынан қазақстандық азаматтың тағы екі жолдасы жараланған.
Жасөспірімдер мінген көлік жүргізушсі көлік жоғары жылдамдықтағы жолда рөлге ие бола алмай қалған. Апаттан Тим Бекшентаев оқиға орнында мерт болған. Ақпарат бойынша, жасөспірімдер Грантсбургке барып, онда өздерін күтіп тұрған автобуспен хоккей матчына қатысуға бармақ болған.
Қазақстан сыртқы істер министрлігі қаза тапқан студенттің ата-анасы дипломаттардан марқұмның денесін Қазақстанға әкелуге көмектесуін сұрағанын хабарлайды. Министрліктің дерегінше, Қазақстанның Нью-Йорктегі бас консулдығының қызметкерлері жол апатына қатысты жайттарды анықтап, мәйітті Қазақстанға әкелу құжаттарын дайындаумен айналысып жатыр.