Ауғанстандағы әуе шабуылы кезінде өзін "Ислам мемлекетінің" ауған-пәкістан аймағындағы лидері деп жариялаған Мулла Абдул Рауф қаза тапты деп хабарлайды Гильменд провинциясының басшылығы.
Операция кезінде тағы бес содыр мерт болған. Оның бірі - Мулла Абдул Рауфтың күйеу баласы.
Терроризмге қатысты Гуантаномо түрмесіне отырып шыққан Мулла Абдул Рауф Ауғанстан мен Пәкістан аумағындағы джихадшыларды басқарған.
Оның тобы халықты джихадқа шақырып, кейде "Талибанмен" де қақтығысқан.