Accessibility links

Копенгагенде қарулы адам оққа ұшқан


Даниялық полиция қызметкерлері қылмыс жасалған жерде тұр. Копенгаген, 14 ақпан 2015 жыл.
Даниялық полиция қызметкерлері қылмыс жасалған жерде тұр. Копенгаген, 14 ақпан 2015 жыл.

Дания астанасында бүгін таңертең полиция қызметкерлері темір жол вокзалы маңында өздеріне қарудан оқ атқан ер адамды атып өлтірген. Полиция ол адамның осыдан бір күн бұрын Копенгагенде жасалған қарулы екі шабуылға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

Ақпанның 14-і күні ислам және сөз еркіндігі тақырыбына арналған жиын өтіп жатқан ғимаратқа белгісіз біреулер қарудан оқ жаудырып, бір адам қаза болып, үш полиция қызметкері жараланған. Шабуыл жасағандар оқиға орнынан із жасырған. Жиынға қатысушылар арасында Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын салған швед суретшісі Ларс Вилкс және Францияның Даниядағы елгісі Франсуа Зимерей болған. Суретші де, дипломат та зардап шекпеген.

Арада бірнеше сағат өткенде Копенгагендегі синагога жанында біреу қарудан оқ атып, басынан жараланған ер адам көп ұзамай қаза болған. Екі полиция қызметкері зардап шеккен. Шабуыл жасаған қылмыскер қашып кеткен.

Бұл оқиғалардан соң Данияда қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

XS
SM
MD
LG