Қазақстанда жыл сайын жаңадан екі мыңға жуық адамның ВИЧ инфекциясын жұқтырғаны анықталады деп мәлімдеді бүгін республикалық СПИД орталығының эпидемиолог дәрігері Алла Елизарьева.
- Соңғы бес жылда бізде ВИЧ жұқтыру көрсеткіші тұрақтанып келе жатқаны байқалады. Жыл сайын халықтың 0,01 пайызы, яғни жаңадан екі мыңға тарта адам ВИЧ инфекциясын жұқтырады. 2011 жылдан бері бізде ВИЧ-тің жыныстық жолмен таралуы басым болып келеді. ВИЧ жұқтырғандардың орташа жасы 35-ті құрайды, - дейді Алла Елизарьева.
СПИД орталығы басшысының сөзінше, Қазақстанда ВИЧ жұқтырғандардың 60 пайызы – ерлер. Бірақ былтыр әйелдер арасында ВИЧ жұқтырғандар көбейген.
2014 жылы жаңадан ВИЧ жұқтырғандардың 43 пайызы ерлер, 57 пайызы әйелдер болған.