Accessibility links

Сенат бюджет өзгерістерін мақұлдады


Парламент сенаты, Астана. (Көрнекі сурет).
Парламент сенаты, Астана. (Көрнекі сурет).

Бүгін сенат депутаттары "2015-2017 жылғы республикалық бюджет туралы" заң жобасына өзгерістер мен түзетулерді қабылдады.

Сенат отырысына қатысқан ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевтың айтуынша, келесі жылғы респбуликалық бюджет шығыны бұған дейін бекітілген шығынынан 610,7 миллиард теңгеге азайтылып, шамамен 7 триллион 244,5 миллиард теңге болады деп болжанып отыр.

Оның сөзінше, макроэкономикалық көрсеткіштерге жасалған нақтыланған болжам экономика салаларының 2014 жылғы даму көрсеткіштерін және әлемдік нарықтағы негізгі экспорттық тауарлардың қазіргі бағаларын есепке ала отырып жасалған. Өткен жылы әлемде мұнай бағасы екі есеге арзандаған.

Досаев бұған қоса үкімет мұнай баррелінің бағасы 30 АҚШ доллары болып тұрған жағдайға да Қазақстан экономикасын дамыту жоспары даярланғанын айтты. Бірақ Қазақстан мұнай өндіру көлемін азайтуды жоспарлап отырған жоқ.

XS
SM
MD
LG