Accessibility links

АҚШ Украинаға әскери құрал-жабдық бермек


Америкалық Humvee әскери көлігі. (Көрнекі сурет).
Америкалық Humvee әскери көлігі. (Көрнекі сурет).

АҚШ президенті Барак Обама Украинаға 75 миллион АҚШ долларының соғыс құралына жатпайтын әскери техникасы мен құрал-жабдығын беруге шешім шығарды.

Әскери құрал-жабдық арасында радио, ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттары, артиллериялық радарлар, түнде көруге арналған құрылғылар, жедел жәрдем көліктері, медициналық қобдишалар мен басқа да керек-жарақтар бар. Бұдан өзге, украин армиясына кез-келген жерде жүре алатын 230 Humvee әскери көлігі де берілмек.

Әскери көмек берілетінін АҚШ вице-президенті Джо Байден Украина президенті Петр Порошенкоға телефонмен сөйлескенінде хабарлаған.

АҚШ-та Украинаға қару-жарақ беру қажет пе, жоқ па деген тақырыпта талқылау жүріп жатыр. АҚШ қорғаныс министрі Эштон Картер мен ұлттық барлау қызметінің басшысы Джеймс Клэппер Украинаға қару-жарақ беруді қолдайтынын білдіргенімен, президент Барак Обама әзірге бұл мәселеге қатысты шешім қабылдаған жоқ.

XS
SM
MD
LG