Accessibility links

RWB ұйымы бұғатталған сайтты ашу амалын ұсынды


«Шекарасыз тілшілер» ұйымының 11 елде бұғатталған сайттарды еркін ашуға арналған «Азаттық кепілі» жобасының белгісі.
«Шекарасыз тілшілер» ұйымының 11 елде бұғатталған сайттарды еркін ашуға арналған «Азаттық кепілі» жобасының белгісі.

Наурыздың 12-сі, дүниежүзілік кибер-цензурамен күрес күні «Шекарасыз тілшілер» (Reporters Without Borders - RWB) халықаралық ұйымы «Азаттық кепілі» атты жаңа жобаны бастағаны туралы мәлімдеді.

Бұл жоба «интернет дұшпандары» тізіміне алынған 11 елде бұғатталған веб-парақшаларға еркін жол ашады. Олардың арасында Қазақстан, Өзбекстан және Түркіменстан аумағында бұғатталған Fergananews сайты, Ресейде – Grani.ru, Қытайда ашылмайтын Tibet Post және Mingjing News, Вьетнамда бұғатталған Dan Lam Bao, Кубада – Hablemos Press, Иранда – Gooya News, Біріккен Араб Әмірліктері мен Сауд Арабиясында – Gulf Centre for Human Rights, сондай-ақ, Бахрейн мен Сауд Арабиясы өз аумағында бұғаттап тастаған Bahrain Mirror сайттары бар.

«Шекарасыз тілшілер» бұғатталған сайттардың «айналарының» тізімін берген, олар арқылы әлгі парақшалардың әрқайсысын еш кедергісіз ашуға болады.

Қазақстанда Fergananews сайтынан басқа да бірқатар халықаралық және отандық веб-парақшалар бұғатталған. Олардың ішінде бірінші кезекте кейбір оппозициялық ақпарат құралдары, жекелеген оппозициялық қайраткерлер мен азаматтық белсенділердің сайттары бар.

Сонымен бірге контентті интернеттегі мекен-жайы, әрбір парақшасы бойынша «жеке-дара» бұғаттау фактілері де кездескен. Азаттықтың «Сириядағы жиһадшы қазақтар» туралы мақалалары Қазақстанда осындай бұғаттауға тап болғаны хабарланған.

XS
SM
MD
LG