Accessibility links

Ресей: Украинаға газды арзан бағамен беруіміз мүмкін


Ресей энергетика министрі Александр Новак (ортада). Брюссель, 2 наурыз 2015 жыл.
Ресей энергетика министрі Александр Новак (ортада). Брюссель, 2 наурыз 2015 жыл.

Мұнай бағасының құлдырауына байланысты, Ресейдің Украинаға сататын газ бағасы 2015 жылдың сәуір айынан бастап 50-80 долларға арзандауы мүмкін. Бұл туралы «Россия 24» телеарнасына берген сұхбатында Ресей энергетика министрі Александр Новак мәлімдеген.

Егер бұл жүзеге асар болса, Ресей газының мың текшеметрі Украинаға шамамен 250 долларға түспек. Новак Украинаға газды бұрынғыдан арзан бағамен сату туралы шешімді Ресей үкіметі наурыз айының соңына дейін қабылдайды деп айтқан.

Жұма күні Брюссельде Ресей, Украина және Еуропа Одағы өкілдерінің қатысуымен газ жөнінде келіссөздер өткен. Кездесуден соң Украина энергетика министрі Владимир Демчишин Киев биылғы жылдың екінші тоқсанында Ресей газын 250 доллардан (мың текшеметр бағасы) сатып алғысы келетіні туралы мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG