Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған бүгін Оңтүстік Қазақстан облысына барды. Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі мемлекет басшылары Түркістанда Қожа Ахмет Яссауи кесенесі жанында салынған жаңа мешітке және Халықаралық қазақ-түрік университетіне бармақ.
Режеп Тайып Ердоған Қазақстанға 15 сәуірде келген. Кеше ол Астанада Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылап, сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға келіскен.
Бейсенбі күні Астанада өткен екі ел бизнесмендерінің форумында жалпы сомасы 800 миллион АҚШ долларына тең 19 келісімге қол қойылған.