Accessibility links

Экклстоун: Бакуде "Формула-1" жарысын өткізуге бөгет жоқ


"Формула-1" жарысының жетекшісі Берни Экклстоун.
"Формула-1" жарысының жетекшісі Берни Экклстоун.

"Формула-1" жарысының жетекшісі Берни Экклстоунның мәлімдеуінше, адам құқықтары жағдайының нашарлығына байланысты Бакудің сынға ұшырап жатқанына қарамастан келесі маусымда Әзербайжанда Гран-при жарысын өткізуге дайындық жалғаса бермек. Экклстоунның сөзіне қарағанда, Әзербайжанда жарысты өткізуге кедергі келтірерліктей ерекше мәселе жоқ.

Бірқатар батыс елдері мен құқық қорғау ұйымдары өткен жылы 30-дан астам құқық қорғаушы, журналист пен оппозициялық саясаткердің түрмеде жабылғанына байланысты Әзербайжанда Гран-при жарысы мен жазда Еуропа ойындарын өткізбеуге шақырған. Қамауда отырғандар арасында белсенді Лейла Юнус пен оның жұбайы, журналист әрі Азаттық тілшісі Хадиджа Исмаилова, адвокат Интигам Әлиева мен жастар құқығы үшін күресуші Расул Джафаров бар.

Human Rights Watch ұйымының есебі бойынша, Әзербайжан үкіметі "қарсыластарына қарсы қуғынды күшейтіп, онсыз да аянышты күйдегі адам құқықтары жағдайын одан ары нашарлатқан".

Әзербайжанда арнайы трассалар жоқ болғандықтан "Формула-1" жарысын Баку көшелерінде өткізу жоспарланып отыр.

XS
SM
MD
LG