Accessibility links

Киевте ЕО-Украина саммиті өтеді


Украина мен Еуропа Одағының тулары. (Көрнекі сурет).
Украина мен Еуропа Одағының тулары. (Көрнекі сурет).

Киевте бүгін Украина-Еуропа Одағы (ЕО) саммиті өтеді. ЕО басшылары мен Украина президенті Петр Порошенко арасындағы келіссөзде негізінен Минскіде қол қойылған Шығыс Украинадағы қақтығысты тоқтату туралы келісімнің орындалу барысы талқыланбақ. Келісім Донбасстағы шиеленісті бәсеңдеткенімен, екі тараптың да келісім талаптарын бұзатыны туралы хабар жиі түседі.

26 сәуірде Украина әскерилері ресейшіл сепаратистердің шабуылынан бір сарбаздың оққа ұшып, жеті сарбаздың жараланғанын хабарлаған. Тағы бір сарбаз 25 сәуірде атқылаудан қаза тапқан.

Болжам бойынша, саммиттің күн тәртібіне Порошенконың қақтығысты тоқтату режимін бақылау үшін Донбассқа еуропалық бітімгерлік күштерін кіргізуі жайлы сұрауы да қойылмақ.

Ресей батыс елдерінің сепаратистерге қолдау көрсетіп отыр деген айыптауын жоққа шығарады. Наурыз айында ЕО Ресейге қарсы санкциялар Минск келісімі толық орындалғанда ғана алынатынын мәлімдеп, санкцияның әрекет ету мерзімін жылдың соңына дейін созған.

XS
SM
MD
LG