Ресейдің Роскосмос агенттігі басшысының орынбасары Александр Иванов Халықаралық ғарыш станциясына ұшырған "Прогресс" ғарыштық жүк кемесінің неліктен станцияға жете алмай, байланыс не себепті үзілгенін арнайы комиссия анықтап жатқанын мәлімдеді
Роскосмос дерегінше, "Прогресс" ғарыштық жүк кемесі Жерге 8 мамырда еніп, атмосферада жанып кетеді. Болжам бойынша, "Прогресс" 8 мамыр күні Мәскеу уақытымен сағат 1:23 және 9:55 аралығында қызметін тоқтатады.
СССР кезінде жасалған ғарыш кемесі Байқоңыр ғарыш айлағынан 28 сәуірде ұшырылған. Кемеде ХҒС-дағы астронавтарға арналған оттегі, ауыз су, азық-түлік пен станция зертханаларының қосалқы бөлшектері болған.
Ресей ғарыш агенттігі "Прогресс" ұшырылғаннан бірнеше сағаттан соң онымен байланыс үзілгенін және кеме ХҒС-мен түйісе алмағанын хабарлаған.