Шешенстан басшысы Рамзан Кадыровтың баспасөз хатшысы Шешенстан тұрғыны кәмелеттік жасқа толмаған қызға үйленетіні туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұған дейін «Новая газета» басылымы Ножай-Юрт ішкі істер бөлімінің бастығы Нажуд Гучиговтің 17 жастағы мектеп оқушысы Хеда Гойбалиеваны күштеп тоқалдыққа алмақшы болып жатқаны туралы жазған. Ол қыздың отбасын қорқытып, қызды басқа жаққа алып кетпеуі үшін ауылға кіріп-шығар жолға күзет қойған деп хабарланған.
Кейін басылым үйлену тойы мамырдың 10-ына белгіленіп отырғанын, оған Шешенстан басшысы да мейман ретінде шақырылғаны жайлы жазған. Шешенстан басшысының баспасөз хатшысы Альви Каримов бұл туралы ештеңе білмейтінін мәлімдеген.
«Коммерсант ФМ» радиосына түсініктеме берген «Коалиция» адам құқығы мен бостандықтарын қорғау аймақаралық қозғалысы кеңесінің төрағасы Дени Яхьяев «Коммерсант ФМ» радиосына қыз әлі 18 жасқа толмағандығы себепті үйлену тойына тыйым салынғанын айтқан деп хабарлады радиостанцияға сілтеме жасаған REGNUM ақпараттық сайты.