Алматыдағы Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайында халық суретшісі Гүлфайрус Исмаилованың (1929 - 2013) жеке көрмесі ашылды. ҚазССР кезінде кең танылған суретші елдегі көркемсурет мектебін қалыптастырушылардың бірі болып саналады.
Көрмеге Исмаилованың 50 шақты туындысы қойылған. Олардың бәрі мемлекеттік өнер мұражайының қорында сақтаулы. Гүлфайрус Исмаилова станоктік және декоративтік живописке жататын суреттер салғандықтан, көрмеге екі түрлі туындылары түгел қойылған.
Көрме Гүлфайрус Исмаилованың 85 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған. Осы мұражайда оның марқұм жұбайы, белгілі суретші Евгений Сидоркиннің де (1930–1982) көрмесі өтіп жатыр.