Accessibility links

Шымкентте қайырымдылық акциясы өтті


Бүгін Шымкентте "Оқушылар үйінде" Оңтүстік Қазақстан облысындағы көру және есту қабылеті нашар балаларды қолдауға арналған қайырымдылық шарасы өтті.

"Өмір керемет!" деп аталатын акцияға 130-ға тарта бала қатысты. Акцияны "Қоғамдық денсаулық сақтау институты" қоғамдық ұйымы қйымдастырған. Акция аясында балалардың қолынан шыққан қолөнер бұйымдары мен суреттерінің көрмесі ұйымдастырылып, интеллектуалдық ойындар ойнатылды, флешмоб ұйымдастырылды. Көрме соңына қарай ұйымдастырушылар 130 оқушының барлығына сыйлықтар тараттты. Бұдан бөлек ұйымдастырушылар көрмеге қатысқан шығармалар ішінен үздік деп тапқан үш шығарманың иесіне арнайы жүлде табыстады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша көру және есту қабілеті нашар балаларды оқытатын төрт мектеп интернат бар.

XS
SM
MD
LG