Accessibility links

Азат Еуропа - Азаттық радиосы Бакудегі бюросын жапты


Әзербайжан билігі Азат Еуропа - Азаттық радиосының Бакудегі бюросын желтоқсанда жауып тастаған.
Әзербайжан билігі Азат Еуропа - Азаттық радиосының Бакудегі бюросын желтоқсанда жауып тастаған.

Азат Еуропа – Азаттық радиосы Әзербайжан астанасы Баку қаласындағы бюросын жапты. Мұндай шешім былтыр желтоқсан айында Әзербайжан билігі шетелдік ұйымдарға қарсы кампания барысында Азаттықтың Бакудегі бюросының жауып тастаған соң қабылданып отыр.

Азат Еуропа – Азаттық радиосының бас редакторы Ненад Пеич мамырдың 22-і күнгі мәлімдемесінде Бакудегі бюроны Әзербайжан билігі заңсыз және негізсіз жауып, бюро қызметкерлеріне қиянат жасағаны туралы айтқан. Бірақ Азат Еуропа – Азаттық радиосы өзінің және қызметкерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін барлық шараларды атқаратын болады деп мәлімдеген ол.

Бұған дейін Әзербайжан құқық органдары Азаттықтың Бакудегі бюросына тінту жүргізіп, құжаттар мен құралдарды заңға сәйкес рәсімдемей тәркілеген; бюро қызметкерлерін ұстаған, оларға адвокаттың қызметін пайдалануға мүмкіндік бермеген; бюроның заң кеңесшісін сот залынан қуып, бюро қызметкерлерінің туған-туыстарын қорқытқан, кейбір қызметкерлердің шетелге шығуына еш негізсіз тыйым салған.

Бірақ, Бакудегі бюро жабылғанымен, Азат Еуропа – Азаттық радиосының Әзербайжан қызметі (Азадлыг радиосы) интернет және спутник арқылы хабар тарату қызметін жалғастырып отыр.

XS
SM
MD
LG