Қазақстанда Каспий теңізі түбіндегі 60 миллиард тонна көмірсутегі ресурстарын өндіретін "Еуразия" жобасын іске асыру басталды деп хабарлады бүгін парламент мәжілісінде энергетика министрі Владимир Школьник.
Министрдің сөзіне қарағанда, халықаралық сарапшылар жүргізген зерттеулер бойынша, Каспий теңізі түбінде 60 миллиард тоннаға дейін мұнай болуы мүмкін. Школьник Қазақстанда "Еуразия" жобасын іске асыру басталғанын, ол бойынша өндірісте инновациялық және 15 километрге дейінгі тереңдікте мұнай бұрғылау технологияларын қолдану қарастырылған. Қазір бұл жоба бойынша консорциум құрылып жатыр және оған қатысатын ірі инвесторлар үшін жеңілдіктер жасау мәселесі қарастырылуда.