Accessibility links

Кудрин: Ресей экономикасы толық дағдарыста


Ресейдің бұрынғы қаржы министрі Алексей Кудрин.
Ресейдің бұрынғы қаржы министрі Алексей Кудрин.

Ресейдің бұрынғы қаржы министрі Алексей Кудриннің айтуынша, Украинадағы қақтығыс пен әлемде мұнай бағасының арзандауынан экономикалық өсім төмендеп, капиталдың жаппай сыртқа шығуына байланысты Ресей экономикасы "толық дағдарыста" тұр.

Федерация кеңесінде сөйлеген Кудрин өткен жылы Ресейден шамамен 150 миллиард АҚШ доллары сыртқа шығарылғанын, биыл бұл көрсеткіш 100-110 миллиард АҚШ долларына дейін жетуі мүмкін екенін мәлімдеді. Кудрин қаржы негізінен жеке меншік сектордан кетіп жатқанын айтады.

2000-2011 жылдары Ресей қаржы министрі болған Алексей Кудриннің сөзіне қарағанда, қазіргі Ресейдің экономикалық моделін өзгерту керек. Ол елдің экономикалық проблемалары негізінен "құрылымдық реформалардың жүргізілмеуінен" және энергетиалық секторға тәуелділіктен туындағанын айтады.

Кудриннің болжамынша, Ресейдің Украинадағы қақтығысқа киліккені үшін салынған санкциядан туындаған дағдарыс жалпы ішкі өнімнің жылына 1-1,5 пайызға төмендуіне әкеп соқтырады. Ол бұған қоса экономикалық жағдайдың нашарлауынан жарты миллионға жуық адам жұмысынан айырылуы мүмкін дейді.

XS
SM
MD
LG