Accessibility links

Қырғызстанда "Сирияға бармақ болған" 7 адам ұсталды


Қырғызстанда қанша әйелдің Сирияда ИМ сапында жүргені туралы ресми дерек. (Көрнекі сурет).
Қырғызстанда қанша әйелдің Сирияда ИМ сапында жүргені туралы ресми дерек. (Көрнекі сурет).

Қырғызстанда "Түркия арқылы Сирияға бармақ болған" жеті қырғызстандық анықталып, ұсталды деп хабарлады Азаттықтың Қырғыз қызметі. Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) ішкі істер министрлігімен бірлесіп жүргізген діни экстремистік және террористік ұйымдарды анықтап, қызметін тоқтату шарасы аясында азаматтарды Сирияға жөнелтумен айналысатын мықты қылмыстық топтың жолы кесілген.

ҰҚМК мәліметінше, 9 шілдеде Ош әуежайында Стамбулға ұшпақ болған, арасында 2010 жылы туған бір бала, 2000 жылы туған кәмелетке толмаған бір қыз бар - барлығы жеті қырғызстандық ұсталған. Арнайы қызмет күдіктілер Түркиядан ары соғыс қимылдарына қатысу үшін Сирияға өтпек болған дейді.

ҰҚМК "Сирияға адам жөнелту" оқиғасы іс қозғап, жеті адамның бірі - 1961 жылы туған әйелді қалған азаматтарды Сирияға баруға үгіттеді деп қамауға алған.

ҰҚМК ресми өкілі Рахат Сулайманов мамырдың соңында «Сирияда, "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы құрамында 300-дей қырғыз азаматы соғысып жүр" деп мәлімдеген. Оның сөзінше, олардың біразы «тбасын өздерімен ала кеткен, шамамен он шақты бала бар».

XS
SM
MD
LG