Украина парламенті депутаттары 25 қазанда жергілікті басқару органдарына сайлау өткізу туралы заң жобасын қолдап дауыс берді. Бірақ 17 шілдеде мақұлданған құжатта сайлаудың 2014 жылы Ресей аннексиялап алған Қырым түбегінде және рсеейшіл сепаратистер бақылауындағы Украина шығысындағы аудандарда өтпейтіні айтылған.
Киев үкіметі 2014 жылы сәуірде үкімет әскері мен ресейшіл сепаратистер арасында соғыс басталғанан кейін шығыстағы Донецк мен Луганск кейбір бөліктерін бақылаудан айырылып қалған.
БҰҰ соңғы дерегі бойынша, Украина шығысында қақтығыстар басталғаннан бері 6 мың 500-ден астам адам қаза тапқан.
Донецк мен Луганск облыстарындағы сепаратистер билігі де бұған дейін қазанның 18-інде өздері бақылап отырған аймақтарда жергілікті органдарға сайлау белгілеген.