Accessibility links

Сел қатерінен Талғар өзені бойында эвакуация басталды


Талғар өзені бойындағы сел салдары. Алматы, облысы, 18 шілде 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Талғар өзені бойындағы сел салдары. Алматы, облысы, 18 шілде 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Алматы маңында Талғар өзенінің жоғарғы жағында орналасқан саяжайлар мен демалыс үйлерінен адамдарды эвакуациялау басталды деп хабарлады бүгін төтенше жағдайлар комитеті.

Хабарламада жауын салдарынан Алматы облысындағы Комсомол мұздығы астындағы Талғар өзенінде сел қаупі пайда болғаны айтылған. Қазіргі уақытта өзеннің төменгі жағында орналасқан гидробекетте судың ағыны секундына 27 текше метрді құрап отыр, оның шекті мөлшері – секундына 45 текше метр деп хабарлады ТЖК.

Аталған аймақтағы жұмыстарға Алматы қаласы және Алматы облысының полиция бөлімшелері мен төтенше жағдайлар департаменттерінің қызметкерлері жұмылдырылған.

Алматыда шілденің 23-іне қараған түні таудағы сел салдарынан Қарғалы өзені арнасынан шығып, жүзден аса үйге зардап әкелген. Қазір ол аймақта апаттан кейінгі қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Былтыр, 2014 жылы шілденің 17-і күні Алматы облысының Талғар ауданында жүрген сел салдарынан Талғар қаласындағы өзен маңындағы көшелерде телефон бағаналары құлап, саяжайлар зардап шеккен еді.

XS
SM
MD
LG