Accessibility links

Қазғарыш: Айымбетов шығынын Қазақстан төлейді


Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов.
Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов.

Айдын Айымбетовтың ғарышқа сапарының шығынын Қазақстан тарапы төлейді. Бұл туралы бүгін Азаттыққа «Қазғарыш» ұлттық ғарыш комитеті төрағасының орынбасары Еркін Шаймағамбетов айтты.

"Ресей сұрап отырған шығын көлемі 20 миллион долларды құрайды. Бұл шығындар республикалық бюджетте қаралмаған. Сондықтан шығынды Қазақстан 2016 жылға дейін өтейді. Бұл туралы Ресеймен арнайы келісім де жасалды. Ғарыштық шығын мәселесі шешіліп жатыр. Қазір «Қазғарыш» қаржы министрлігіне де арнайы ұсыныс жасады. Ғарыштық мекемелерді жалға алу қаржысынан да төленеді" деді Шаймағамбетов.

Бұған дейін ғарыш комитеті төрағасының орынбасары Ерғазы Нұрғалиев ғарышкер Айдын Айымбетовтың ғарышқа ұшу сапарының шығыны 20 миллион долларды құрайтынын мәлімдеген. Ал «Роскосмос» бұл қаржыны Қазақстан тарапы төлейтінін айтқан.

Шілденің 19-ы күні Айдын Айымбетовтың ғарыштық сапарда 2-бортинженер қызметін атқаратыны хабарланған.

Айдын Айымбетов 2 қыркүйекте ғарышқа ұшады деп жоспарланған.

XS
SM
MD
LG