"Тамыздың 2-сі күні Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 117 километр қашықтықта 3,8 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді" деп хабарлайды Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістемелік-зертханалық орталығы.
Орталық мәліметі бойынша, "жер асты дүмпулері кеше Астана уақытымен 22 сағат 13 минутта тіркелген. Зілзала ошағы көршілес Қырғызстан аумағында болған".