Грекия АҚШ-тың "әуе кеңістігінен ресейлік ұшақтарды Сирияға өткізбеу" туралы өтінішін қарастырады.
Грекия сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, олар бұл өтінішті Вашингтоннан екі күн бұрын алған. Ал Ресей 1-24 қыркүйек арасында Грекиядан екі ұшағын өткізуді сұраған.
Вашингтон Ресей Башар Асадтың әскери режиміне қолдау білдіреді деп қауіптенеді.
New York Times газеті Ресей Сирия территориясына әскери мамандарын жібергенін хабарлады.
Ал AFP агенттігіне берген сұхбатында Ресей сыртқы істер министрінің баспасөз хатшысы Мария Захарова "Ресей ешқашан Сирия билігіне терроризммен күресу үшін әскери техника жібергенін жасырмайды" деді.
Ресей мемлекеттік дума төрағасының орынбасары Дмитрий Гудков елдің қорғаныс министрі Сергей Шойгуге ресми хат жолдап, Ресей ұшақтарының Сирияға кіргенін растауды немесе жоққа шығаруды сұрағанын айтты.
2011 жылдың сәуірінен бері Сириядағы әскери қақтығыстан 225 мың адам қаза тапқан. Миллиондаған адам ел аумағын тастап кеткен.