Сирия мемлекеттік телеарнасы бүгін көтерілісшілер екі жыл қоршаудан соң елдің солтүстік-батысындағы Абу Зухур әскери әуе базасын басып алғанын хабарлады.
Телеарнаның мәліметінше, үкімет әскері Идлиб провинциясындағы "базадан өз бекіністерін эвакуациялап, басқа жерге жылжыған".
Базаны басып алған көтерілісшілер қатарында исламшылдар коалициясы, оның ішінде "Әл-Қаиданың" Сириядағы қанаты "Жабхат әл-Нусра" ұйымының жасақтары болуы мүмкін.
Идлиб провинциясының көпшілік аумағына қазір көтерілісшілер бақылау орнатқан.