Бүгін Ресейдің 83 аймағында сайлаушылар әртүрлі деңгейдегі билік органдарын сайлауға дауыс беріп жатыр.
Ел бойынша ең алғашқы болып Камчаткада ашылған сайлау учаскелерінде сайлаушылар дауыс беруді бастады.
Бұл жолы жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен қоса Қиыр Шығыстағы төрт аймақ – Камчатка, Сахалин, Амур және Еврей автономиялық облыстарында губернаторлар сайлауы өтеді.
Ресей орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, бұл сайлау елдегі дауыс беруге құқығына ие 60 миллионға жуық азаматты қамтиды.