Accessibility links

Пентагон: Ресей Сирияда құрлықтағы операция жасауы мүмкін


Сирияда жүрген ресейлік әскери мамандар (Көрнекі сурет)
Сирияда жүрген ресейлік әскери мамандар (Көрнекі сурет)

АҚШ қорғаныс министрлігі "Ресей Сирияда Башар Асадты қолдау мақсатында құрлық операциясын бастауы мүмкін" екенін хабарлады.

Бұл туралы Пентагонның екі өкіліне сілтеме жасаған CNN телеарнасы мәлімдеді. Олардың айтуынша, Ресейдің артиллериялары мен БМ-30 «Смерч» жер үсті қарулары Хомс және Идлиб қалаларының маңында байқалған. Пентагон "Ресей әскерінің Сириядағы құрлық операциясы жақын күндері басталуы мүмкін" деп болжайды. Ал Ресей президенті Владимир Путин бұған дейін Сирияда құрлық операциясы ел әскерінің жоспарында жоқ екенін айтқан.

30 қыркүйек күні Ресей Сирияда әуе шабуылдарын бастады. Кремль бұл "Ислам мемлекеті" мен басқа да экстремистік топтарға қарсы жасалған шабуыл деп мәлімдесе, Батыс елдері Ресей Башар Асад режимін қолдап отыр деп айыптайды.

XS
SM
MD
LG