Accessibility links

Гуантанамода 11 жыл отырған тұтқын шығуы мүмкін


АҚШ-тың Кубадағы Гуантанамо әскери базасындағы түрме. (Көрнекі сурет)
АҚШ-тың Кубадағы Гуантанамо әскери базасындағы түрме. (Көрнекі сурет)

АҚШ билігі Гуантанамо базасында терроризм айыбымен 11 жылдан бері қамауда отырған Ауғанстан азаматын босатуға рұқсат етті. Арнайы комиссия шешімінде Мухамед Каминнің өткен іс-әрекеті жайлы объективті түрде баяндағаны және қамауда отырғанда «үлгілі тұтқындардың бірі» болғаны айтылған. Сонымен бірге сарапшылар оны түрмеде болған кезде экстремистік және анти-америкалық көңіл-күй білдірген жоқ деп сипаттаған.

Осы шешімнің негізінде Камин бостандыққа шығуы мүмкін. Бұл мәселе енді оны ауыстыруға қатысты келіссөздердің нәтижесіне байланысты шешілмек: тұтқынды Отанына қайтаруы мүмкін немесе үшінші бір елге жіберуі ықтимал.

Камин туралы ақпараттарда оның қарулы топтармен, соның ішінде «Әл-Қаида» ұйымымен байланыста болғаны көрсетілген. Сонымен бірге, бұл ақпараттардың бәрі Каминнің сөзінен жазылғаны, ал ол кейде өз айтқанына қарама-қайшы сөйлегені айтылған,.

Мухамед Каминді 2003 жылы Ауғанстан билігі қолға түсірген. 2004 жылы ол Гуантанамо түрмесіне ауыстырылған.

XS
SM
MD
LG