Accessibility links

ІІМ: Жұмановаға шабуылды бақылауға алдық


Youtube желісіне жарияланған «Бота Жұмановаға шабуыл» видеосынан скриншот.
Youtube желісіне жарияланған «Бота Жұмановаға шабуыл» видеосынан скриншот.

Журналист, блогер Бота Жұманованы соққыға жығу оқиғасын тергеу ішкі істер министрлігінің бақылауына алынды деп хабарлады бүгін министрліктің баспасөз қызметі.

Министрлік журналистің соққыға жығылуына қатысты қылмыстық кодекстің "бұзақылық" бабы бойынша тергеу басталғанын айтады.

Сенбі күні интернетте «Бота Жұмановаға шабуыл» деген атпен видео тараған. Онда түнгі мезгілде үйдің есігін ашып жатқан әйел адамды жас жігіттің ұрып кеткені түсіп қалған. Полиция бұл видеоны тексеріп жатқанын хабарлаған. ІІМ қазір видео бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатқанын айтады.

Бұған дейін алматылық бизнесмен Ерлан Нұрпейісов Жұмановаға шабуыл жасаған адамды ұстауға жәрдемдесетін ақпаратқа арнайы сыйақы беретінін мәлімдеген.

"Әділ сөз" халықаралық сөз бостандығын қорғау ұйымының дерегінше, Бота Жұманова - 2000 жылдан бері Қазақстанда шабуылға ұшыраған 250-журналист.

XS
SM
MD
LG