Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев қорғаныс министрі Абибилла Кудайбердиевті коррупциялық даудан кейін қызметінен алды деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз редакциясы.
Қызметінен алынғанға дейін қырғыз арнайы қызметі мен бас прокуратурасы Кудайбердиев пен министрліктегі бірнеше шенеуніктің үстінен қызмет бабын теріс мақсатта пайдалану, қаржы жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған. Кудайбердиев пен шенеуніктер 12 миллион сом (шамамен 175 мың АҚШ доллары) жымқырды деген күдікке ілінген.
Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қорғаныс министрі міндетін уақытша атқару Кудайбердиевтің орынбасарына жүктелген. Кудайбердиевке қандай бұлтартпау шарасы қолданылғаны айтылмайды.