Ресейдің Санкт-Петербург қаласында үлкен өрт болған жерде құтқару-іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Автокөліктің қосалқы бөлшектері мен машина майы сақталатын қоймада сенбі күні күндіз өрт шыққан еді. Төтенше оқиғадан зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Өртке оранған аумақтың көлемі шамамен он мың шаршы метрді құраған. Өрт салдарынан көлемі екі мың шаршы метр аумақта қоймадағы ғимараттардың шатырлары жанып, құлаған.
Төтенше жағдайлар министрлігі аймақтық басқармасының ТАСС агенттігіне хабарлауынша, өртті сөндіру жұмыстары кезінде тікұшақтан 60 тоннаға жуық су төгіліп, 240 өрт сөндіруші қызметкер мен 50-ден аса техника апатқа қарсы жұмылдырылған.