Accessibility links

Джо Байден: діни сенім бостандығын қорғау қажет


АҚШ вице-президенті Джо Байден.
АҚШ вице-президенті Джо Байден.

АҚШ вице-президенті Джо Байден қоғамды экстремизмнің таралуынан қорғау үшін діни сенім бостандықтарын сақтау қажет деп санайды. Байден бұл туралы сенбі күні Нью-Йоркте өзіне адам құқығы бойынша патриарх Афинагор сыйлығын тапсыру рәсімі кезінде мәлімдеген.

Байденнің сөзінше, «Әл-Қаида», «Ислам мемлекеті» сияқты террорлық топтар өздерінің жантүршігерлік зұлымдықтарын ақтау үшін исламды бұрмалағылары келеді. Оның пікірінше, АҚШ елде адам құқығын сақтаған уақытта мықтылығын жоғалтпайды. Байден өз сөзінде Құрама Штаттарда діни құндылықтар азаматтық құқықтарға қайшы келмейтінін атап өткен.

Константинополь православ шіркеуін 1948 жылдан 1972 жылға дейін басқарған патриарх Афинагордың құрметіне адам құқығы саласы бойынша сыйлық 1986 жылы тағайындалған. Содан бері бұл сыйлық АҚШ-та жыл сайын беріліп келеді.

XS
SM
MD
LG