Accessibility links

Венада Сирия жайлы келіссөздер өтіп жатыр


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (сол жақта) мен Иран сыртқы істер министрі Жавад Зариф (ортада) Сирия мәселесі бойынша келіссөздер басталар алдында. Вена, 29 қазан 2015 жыл.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (сол жақта) мен Иран сыртқы істер министрі Жавад Зариф (ортада) Сирия мәселесі бойынша келіссөздер басталар алдында. Вена, 29 қазан 2015 жыл.

Австрия астанасында бірнеше елдің сыртқы істер министрлерінің қатысуымен Сириядағы жанжалды реттеу мәселесіне арналған келіссөздер өтіп жатыр.

Бүгін тараптардың кеңейтілген форматтағы кеңесулері өтеді. Бұл жиынға тұңғыш рет қатысып отырған Иран да Ресей сияқты, Сириядағы президент Башар Асад режимін қолдайды. Мәскеу мен Тегеран Сириядағы өтпелі кезеңде Асад билікте қалуы тиіс деп санайды. АҚШ пен өзге батыс елдері және олардың Таяу Шығыстағы одақтастары болса Башар Асад биліктен кетуі тиіс деген талап айтады.

29 қазанда Иран сыртқы істер министрі Жавад Зариф АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керримен, сол сияқты Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен оңаша кездесулер өткізген. Кейін Керри Лавровпен, Түркия және Сауд Арабиясы мемлекеттері министрлерімен жүздескен.

XS
SM
MD
LG