Ресейдің коммерциялық емес ұйымдары «Ресейлік үшінші сектор одағы» деген шартты атауға ие бірлестікке бірігу туралы бастама көтерді. Бұл туралы «Ведомости» басылымына Жалпыресейлік азаматтық форумы ұйымдастыру комитетінің мүшесі, «Голос» қозғалысының теңтөрағасы Григорий Мельконьянц хабарлаған.
Жаңа одаққа бірігу туралы ұсыныста қазіргі уақытта Ресейде коммерциялық емес ұйымдардың жағдайы қиындағаны, азаматтық институттарға инвестициялық қызығушылық төмендеп, бұл өз кезегінде аталған ұйымдардың өзін өзі қорғауын әлсіретіп жібергені айтылған. Жаңадан құрылатын бірлестік мемлекеттік органдармен қарым-қатынаста қазіргі кезде жағдайы осал болып отырған ресейлік коммерциялық емес ұйымдардың мүддесін қорғайтын болады.
«Ресейлік үшінші сектор одағы» билік органдарымен байланыс орнатуды, сараптамалық қорытындылар әзірлеуді, коммерциялық емес ұйымдар мүшелерінің мүдделерін қорғауды міндетіне алмақ.
Григорий Мельконьянцтың айтуынша, коммерциялық емес ұйымдардың мұндай бірлестігі, Ресей заңына сәйкес, «шетелдік агент» деп тануға жатпайды.